Облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 6-қаңтарда Майск ауданының Ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Көктөбе аулының Көктөбе орман шаруашылығының жұмысшысы қоңырау шалған. Оның хабарлауынша, Шыған аулының бірнеше жергілікті тұрғындары оған Белая өзеніне әлдебір аспан денесінің құлағандығы туралы хабарлаған.
"Хабарлама тіркеліп, оқиға болған жерге барған жедел қызметкерлер Белая өзенінен үлкен жусан мен жағалауға шығып қалған мұздың үлкен сынықтарын көрген. Сұрастыра келе сондай-ақ тағы бірнеше куәгерлер табылған, олардың айтуынша 4-қаңтарда 19.45 шамасында Май ауданының Шыған аулының алдындағы өзенге белгісіз, жарқыраған көк нысан өте үлкен жылдамдықпен келіп құлаған",- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында аймақтық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Жанна Белялова.
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департментіндегілер, болған оқиға туралы хабар келіп түскендігін растады, бірақ асығыс қорытынды жасаудан сақтандырған.
"Облыстың судан құтқару қызметінің қызметкерлері Белая өзенінің осы маңына тексеру жүргізіп шыққан, сондай-ақ облыстың санитарлық-эпидемиологиялық станцияның мамандары аспан денесінің ізін табу үшін судан сынама алған. Сөйтсе де, біздің мамандар белгісіз аспан денесі құлауы мүмкін деген жерден қандай да бір нысанның сынығын да, ізін де таппаған, әзірге белгісіз аспан денесінің құлауын растайтын ешқандай факт жоқ, бірақ біз мұның мүмкін болуын жоққа шығармаймыз",- деп нақтылады мекемедегілер.
"Жергілікті тұрғындар арасында қобалжушылық болуы да мүмкін, куәлердің барлығы аспаннан әлдебір шұғыланы ғана көрген, бірақ ешкім ешқандай жарылыс естіп, ешкім құлау траекториясын көрмеген, сондықтан да біз тек іздеу жұмыстарын ғана жалғастыра аламыз",- деді Павлодар облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттегілер.
Бүгін таңертең судан құтқару қызметінің сүңгуірлері арнайы құрылғылармен аталмыш нысанды іздеуде тағы да аттанып кетті. Сондай-ақ осы аптада нысан құлауы мүмкін деген жердегі судан алған сынаманың толық нәтижесі де дайын болуға тиіс.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының айтуынша, 2008 жылдың 4-қаңтарында аспанда көк жарықтың пайда болуының бірнеше себебі болуы мүмкін, атап айтқанда ауыл тұрғындарының пиротехникалық заттарды пайдалануы, аңшылардың өзен маңында қуатты биксенонды жарықты пайдалану және де облыстағы қатты аяз - ауа райының аномалиясы болуы мүмкін.