Павлодардың өткен ғасыр басындағы келбеті - Д.Багаевтың суреттерінде

Павлодардың алғашқы фотосурет шебері атындағы мұражайда 50-ге тарта бірегей сурет қойылған.

Қазіргі ғимараттар мен суреттерді салыстырған фотомұражайдың директоры Луиза Артамонова: «Багаев түсірген суреттерді қолға алып, оны қазіргі замандағы қала суретімен және қаланың бас жоспарымен салыстырсақ, Суриков көпестің үйі қалай безендірілгенін көруге болады - ал қазір ол Чехов атындағы драма театрының ғимаратына айналыпты», - дейді.