Павлодардың қақ ортасында белгісіз біреулер елікті қағып өлтірді


Куәгерлердің айтуынша, жануар әбден шошынып қалған екен. Себебі, таңғы тоғыздар шамасында көргенде, көшелердің арасында тағат таппастан, арлы-берлі сандалып жүріпті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылардың болжамынша, елік торда ұсталған. Себебі, мойнында қарғыбаудың іздері бар.  Ал елікті қаққан жүргізушінің өзі ізін жасырынып үлгерген.