Павлодардың қазақ музыкалық-драма театры "Досымның үйленуі" қойылымын ұсынды

«Комедия баяғыда жазылғанымен, оның айтар ойы бүгінгі таңда өзекті. Спектакль отбасыдағы өзара қарым-қатынас пен үлкен ұлына жар таңдап бергісі келген ана жайлы», - дейді режиссер Гүлбарам Бақтиярова.

Қойылымда Қарлығаш Жексембаева мен Баһаргүл Құрбанова сияқты тәжірибелі әртістер ойнаса, спектакль жас таланттар Қаламқас Байгелова пен Нұржан Сарқымбаевтың дебюты болды.