Елдегі жалпы білім беру мектептерінің 5-9-шы сынып оқушылары арасында өткен шығармашылық байқауды мемлекеттік тілді дамытудың Президенттік қоры мен «Ұлан» балалар газеті ұйымдастырды. Екі жүзге тарта оқушылар қазақ тіліндегі шығармаларын ұсынған.
Барлық қатысушыларға Президенттік қор атынан арнайы дипломдар мен «Ұлан» газетінің жас тілшілер куәлігі табыс етілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Beeline байланыс жүйесінің атынан ұялы телефондарға ие болды, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.