Caravan Logo

Павлодарға 40 мың жыл бұрын тіршілік еткен зілдің қаңқасы әкелінді

Павлодарға 40 мың жыл бұрын тіршілік еткен зілдің қаңқасы әкелінді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Новосібір мемлекеттік өлкетану музейінде сақталып келе жатқан ерекше жәдігер – әлем бойынша қаңқасы ең толық зіл. Оны жергілікті халық «Самсон» деп атап кеткен.

Қаңқаның ұзындығы – 5,5 метр, биіктігі үш метрден асады.

Ал жасы шамамен 40 мың жыл. Алып жануар плейстоцен дәуірінде тіршілік еткен.

Сондай-ақ көрмеде ресейлік суретшілердің туындылары мен сахналық костюмдер бойынша көрме ұсынылды. 

Еске сала кетейік, Павлодар музейінде мұз дәуірінде тіршілік еткен алып бұғы сақтаулы тұр. Зілге пара-пар алып бұғының биіктігі 4-5 метр болған. Ал салмағы шамамен 700 килограм тартқан. 

Сүтқоректі жануардың сүйектері 1972 жылы қазіргі Аққулы ауданының Жамбыл ауылы маңында, Ертіс өзенінің жарынан табылыпты.