Павлодарға РФ Ингушетия Республикасынан өкілдер келмек

Өкілдер құрамында республика астанасы Магас қаласы әкімшілігінің жетекшісі Ваха Мержоев, республиканың жастар саясаты, спорт және туризм министрі Исса Оздоев, республиканың бас мүфтиінің орынбасары Абдул-Мажит Дударов тәрізді ресми адамдар бар. Сондай-ақ, өкілдер құрамында "Ингушетия" телерадиокомпаниясының журналистері мен ингуш театрының әртістері де келмекші.

Өкілдер жергілікті шешен-ингуш диаспорасы өкілдерімен және 1995-жылы іргетасы қаланған облыстық шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының өкілдерімен жүздеспекші. Кездесуде ұлттық дәстүрлерді сақтап қалу тақырыбында әңгіме өрбіп, қонақтар Ингушетия республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалға тоқталады.
Өкілдер Павлодардан кейін Астана, Алматы және Көкшетау қалаларында аялдайды.
Павлодар облыстық мұрағат департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, 1941-1942-жылдарда облысқа 80 мыңнан астам айдалған неміс, поляк, шешен, ингуш және қырым татарлары қоныс аударды.