«Павлодарлифт» ЖШС 91,4 млн теңгеге сатылды

Бұл туралы агенттікке Павлодар қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ольга Крупникова хабарлады.     -Сауда бүгін жасалды. Электронды сауданың жеңімпазы анықталды, алайда келісімшартқа қол қойылған жоқ. Сондықтан әзірге оның аты-жөнін айта алмаймын. Бір қосарым, серіктестіктің жаңа иесі Солтүстік Қазақстан облысының азаматы. Келісімшарт 10 күні ішінде жасалады. Құжаттар толтырылғаннан кейін ғана толық ақпарат бере аламын, - деді О. Крупникова.


Естеріңізде болса, ЖШС-ның экс-директоры Мәдениет Ахметов былтырғы жылдың қараша айында ревизиялық комиссияның тексерісінен кейін жұмысынан босатылған болатын. Серіктестіктің қосымша құн салығы бойынша 36 млн теңге берешек болғаны анықталған.     -Аталмыш жағдайға қатысты сот ісі әлі де жүріп жатыр, - деп атап өтті О. Крупникова.