Павлодарлық бұрынғы кеденші пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды

29 жастағы Александр Добрель Павлодар әуежайында қылмыс үстінде ұсталды. Күдікті Павлодар-Ганновер бағытында қатынайтын ұшаққа әуесқой бейнетаспаларды алып өтуге рұқсат алуға жолаушылардан ақша бопсалаған.

Зардап шеккендер - туыстарына хабарласуға келген бұрынғы Қазақстан азаматтары. Олар бейнеөнімдерді алып өту үшін алдын-ала рұқсат алу қажеттігінен бейхабар болғандарын жеткізді.
Ұсталған кеден қызметкері сауда-саттық түріне жатпайтын айналымдарға бақылау жасау жөніндегі бөлімнің бас маманы ретінде халықаралық әуе рейстерінің жүктерін тексеріп келген. Павлодар-Ганновер бағытында қатынайтын ұшақ жолаушыларынан ол 80 евро және 2 мың теңге мөлшерінде пара алған.
Бұл дерек бойынша ҰҚК-нің Павлодар облыстық департаментінің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің "пара алу" жөніндегі 311-бабы, 4-тармағы және "лауазымдық құқығын асыра пайдалану " жөніндегі 307-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жуырда Павлодар қалалық соты бұрынғы кеден қызметкерін айыпты деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.