Павлодарлық ғалымдар оқушыларға арналған "Адам және қоғам" тақырыпты оқу құралын шығарды

Оқу құралы ҚР білім және ғылым министрлігінің жанындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданып, Алматыда жарық көрді.

"Адам және қоғам" кітабы адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың әрқилы аспектілерін қамтитын 20 тараудан тұрады.
Бұл құрал қоғамтану пәні бойынша факультативтік сабақтар өткізу мақсатында Павлодар мектептерінде биылдан бастап қолданыла бастамақ.
" Оқулық мектеп оқушысының жаттауына арналған емес, оларды ойланып-толғануға жетелейтін құрал болуы тиіс ",- деді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, құрал авторларының бірі Ерлан Арын.
Оқу құралы 1 мың данамен шығарылды.