Павлодардан Новосибирскіге жол тартқан автобуспен 30 жастағы Ресей азаматы марихуанасы бар екі дорба алып өтпек болған. Ол дорбаларды киімінің ішіне жасырып алыпты. Сарапшылар тәркіленген есірткінің 630 грамм марихуана екенін анықтады.
Тағы бір 33 жастағы Ресей азаматы "Павлолар-Славгород" автобусымен марихуанансы бар тоғыз дорбаны шекарадан алып өтуге әрекет жасады. Есірткіні ол автобустың ішіне, орындықтың астына тығып қойған. Дорбалардан сарапшылар 700 грамм марихуананы анықтады.
Бұл деректер бйоынша қылмыстық іс қозғалып, тексерілуде.