Павлодарлық малшылардың шығындары өтелмей жатыр

Бұл мақсатта мемлекет қазынасынан 76 млн теңге бөлінгенімен, арнайы мал шығынын өтеуге сәйкес бағдарламаның жоқтығы қолбайлау. Павлодар облысының әкімдігі қажетті өзгерістер енгізу туралы Қазақстанауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдаған. Мамандардың айтуынша, ірі қарамен ұсақ мал шығынының жартысын өңдеу кәсіпорны, қалғанын мемлекет өтеуі тиіс. Бруцеллез Баянауыл ауданымен Ақсу қаласының ауылдық аумағында көп тіркелген. Індет жұқтырған мал жеке тұрғындармен қатар шаруа қожалықтарынан да шығып жатыр. Жалпы, облыс бойынша 500 мыңнан астам ірі қара мен ұсақ малдың шамамен 2-3%-ы осы ауруға шалдыққан.  Жеңісбек Наурызбаев, облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы: - Мемлекеттік бюджеттен сарып ауруымен ауырған малдардың құнын өтеу үшін қаражат қарастырылған. Осы қаражатты игеру мүмкіндігі болмай тұр. Себебі бірыңғай бюджеттік классификацияда сәйкес бағдарлама жоқ. Осы туралы облыс әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдаған. Мал иелері өздеріне тиісті төлемақыны жылдың соңына дейін міндетті түрде алады деп ойлаймыз, 
http://24.kz/kz
 сайтынан алынды