Өзгертулерге сәйкес енді арбаға таңылғандар инватаксидің қызметін тек айына 10 рет пайдалана алады. Ал қалған жүрістері өз қалталарынан төленуі тиіс. Сондай-ақ, жарымжандар дүкен-базарларға, туыстары мен жолдастарына бұрынғыдай бара алмайды. Бұл тармақты министрліктегілер қажетсіз деп шешіпті. Қазір жарымжандарға инватаксидің қызметі демалыс, мереке күндері кешкі сағат 8-ге дейін көрсетіледі. Ал жаңа жоба бойынша, мүгедек бар жұмыстарын сағат 6-ға дейін бітіруі тиіс. Құқықтары шектелген жандар Үкіметке арнайы хат жазғалы жатыр.
Айман Ақбірғанова, Бірінші топтағы мүгедек:
- Қазір күнде-күнде апарады, дегенмен де біз де қыдырамыз, күлеміз, достарымызбен кездесеміз. Ал енді қазір бізді апармаса, үйде отырамыз, болды. Түрмеде сияқты отырамыз.