Павлодарлық оқушы өз үйінде асылып қалды

Өте белсенді, оқу үлгерімі жақсы жасөспірімнің өз-өзіне қол салғанына құрдастары сене алар емес. Сыныптастары Арыстанды ашық, жайдары дос ретінде білгендерін айтады. Ал ұстаздары болса соңғы уақытта оның сабақ үлгерімі мен мінез-құлқында еш өзгерісті байқамаған. 17 жастағы ұлының үйдегі асулы тұрған денесін ата-анасы тапқан. Қоштасу хатын да қалдырмапты. Қазір суицидке байланысты тәртіп сақшыларымен қоса, марқұм білім алған мектеп ұжымы да өз тексерістерін жүргізуде.


Руслан Қалиев, Павлодар қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

-Біздің оқушымыз Арыстан оқу жағынан да, спорт жағынан да өте белсенді оқушы болған. Осы қайғылы жағдайдың себебін біз білмей отырмыз. Оған арнайы қазір комиссия құрылған. Комиссия жұмыс істеп жатыр.