Павлодарлық полицейлер жадынан жаңылу дертіне шалдығып, жоғалып кеткен Шығыс Қазақстандық тұрғынды ұстады

Тұтқындалған жігіт тұрақты мекені жоқ адам ретінде Павлодардағы қабылдау -тарату орталығына орналастырылған. Тергеу нәтижесінде жігітті Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық ІІБ іздестіріп жатқаны мәлім болды. Жігіт жадынан жаңылу дертіне шалдыққан екен.

Павлодар облыстық ІІББ-нан хабарлағанындай, қазір іздеудегі жігіттің туыстары оны алуға Павлодарға келген.