Павлодарлық шекарашылар "Желтоқсан" шекаралық бекетінде Қазақстаннан Ресейге 50 млн. теңгенің контрабандалық тауарларын жасырын алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Қызмет бабымен тексеру жүргізіп жүрген шекарашылар Ресей Федерациясының тіркеу номерлері бар тіркемелі төрт "КамАЗ" автокөлігін ұстады. Жүк көлігіндегілер құны 50 млн. теңгені құрайтын қытай тауарларын мемлекеттік шекара сызығы арқылы заңсыз алып өтпек болған.

Шекара бұзушылар Павлодардан Ресейге бет алған. "Тойота Ландкрузер" мінген РФ азаматшасы жүкпен бірге жүрген.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.