Павлодарлық студент «Алтын домбыра» сыйлығын жеңіп алды


Жас талантты домбырашы кәсіби қазылар алқасы мен халық музыкасын сүйіп тыңдайтындарға үлкен әсер қалдырды. Ерасылдың айтуынша, оған Қазақстанның әр өңірлерінен келген 35 музыкант бәсекелес болған.

Конкурс үш турдан тұрды: оның алғашқы екеуінде Әбілдің, Еспайдың, Есірдің және Мұраттың күйлерін орындау қажет болса, 3-турда еш даярлықсыз ақтаулық қазақ ұлт аспаптары оркестрінің құрамында 3 күйді орындау керек болды. Оркестрмен бірге бозбала Қаршыға Ахмедияровтың «Елбасы», Айтқали Жайымовтың «Отан тау» және Махамбеттің «Жұмыр қылыш» атты туындыларын тартып шықты.

«Мұндай байқаулардан көп нәрсе үйренуге болады. Осы сыннан кейін менің репертуарымда жаңа әуендер пайда болды», - дейді Ерасыл.