Павлодарлық студент Анастасия Гусева Чехиядан алтын медальмен оралды

Настя 72 келіге дейінгі салмақта шалқалай жатып 152 келі зілтемірді көтеріп, рекорд орнатты.

А. Гусева 22-де, пауэрлифтингпен жаттықтырушы Иван Прокопенконың басшылығымен 17 жасынан бері айналысып келеді. Өзінің алғашқы жеңісіне ол 2007 жылы Қазақстан чемпионатында қол жеткізді, онда ол бірінші орын алды. Кейін 2008 жылы Азияның Кубогында басып озды. Настя 2009 жылы алғашқы рет әлем чемпионатына қатысып 3-інші орынды еншіледі.

Настя ағымдағы жылдың тамыз айында Польшада өтетін ауыр атлеттердің әлем чемпионатына дайындықты бастады.