Павлодарлық студент тай боксынан Еуропа чемпионы атанды

Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.

Халықаралық санаттағы спорт шебері, муайтайдан әлем чемпионы (Таиланд, 2009) Болгария, Италия, Германия және Ресей спортшыларымен болған жекпе-жектерде айқын жеңіске жетті.

Пединституттың тағы бір студенті Дамир Фатхутдинов чемпионаттың «күміс» жүлдесін қанжығасына байлады.

Құрлық біріншілігіне Қазақстанның атынан қатысқан 9 спортшының сегізі медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынды қанағат тұтты.