Павлодарлық студент Таразда күрестен алтын медаль иеленді

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Ірі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналған жарысқа Ресей, Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Шри-Ланка және Қазақстанның бүкіл аймақтарынан барлығы 130 палуан келді.

Мамандардың атап өтуінше, жарыс жоғары деңгейде өтті - әр белдесу табан тірескен күреспен өтті. Финалда Саятбек жергілікті палуан Алпамыс Сүпіғалиевті жықты.

Жеңімпаздарға Жамбыл облыстық күрес федерациясының ақшалай сыйлықтары табысталды - бірінші орын иегерлеріне бес мың доллар, күміс жүлдегерлерге - үш мыңнан және қола жүлдегерлерге бір мыңнан берілді