Павлодарлық түлек Мәскеуде «Жыл студенті» атанды

Бұл туралы Әділ Қабылданың ұстазы Алмас Ордабаев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz - Мәскеулік жоғары оқу орнының ректоры «Жыл студенті» аталымы бойынша марапаттағандардың ішінде Әділ ең жасы кіші жеңімпаз. Олардың арасында магистранттар, дүниежүзілік универсиаданың жүлдегері атанған жастар бар. Қазіргі таңда «Органикалық химия» тақырыбында ғылыми жобамен айналысып жатқан Әділ болашақта докторантурада білімін жалғастырмақ, - деді химия пәнінің мұғалімі А. Ордабаев.


Айта кетерлігі, Әділ Қабылда Әзербайжанда өткен Бүкіләлемдік химия олимпиадасында алтын медальға ие болды. Жарысқа 70 мемлекеттен 300-ден астам адам қатысқан. Сондай-ақ 2015 жылы химия пәні бойынша 47-ші Дүниежүзілік олимпиадада алтын медальді қанжығасына байлап, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде білімін жетілдіруге грант ұтып алды.