Павлодарлық зерттеушілер Беларусь жерінен 11 жауынгердің мүрдесін тапты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Бес күннің ішінде мұнда қаза тапқан 11 кеңес жауынгерінің мүрдесін таптық. Сонымен қатар олардың аяқкиімі, төсбелгілері мен ыдыстары да табылды. Төрт бірдей жауынгер бір жерде снарядтан мерт болған", - дейді ол.

Ал кеше, 19 мауысымда, мәйітті алып шыққан жерден Қызыл Жұлдыз мемлекеттік ордені де табылды. Енді оның кімге тиесілі екенін анықтайтын боламыз", - деп қосы павлодарлық жасақтың командирі.

Майдан жолы зерттеу жасағы ERG Еуразиялық тобының "Батырлар жолымен" партиоттық жобасының аясында Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусьтің Витебск облысында қаза тапқан жауынгерлердің мүрдесін іздестіруде.


Нақтырақ айтқанда зерттеу жұмыстары Витебск облысының Дубровенск ауданында жүріп жатыр. Бұл жер іздестіру үшін тегін таңдалмаған. Көптеген қазақстандықтар осы жерді азат етуге қатысып, мерт болған. Павлодарлық жасақтың мақсаты оларды тауып, есімдерін қалыпна келтіру.