деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.
Жас әншілер дарында балаларға арналған Павлодар музыкалық мектеп-интернатында оқиды, оқытушы Вера Бородихинадан тәлім алады.
Мәскеу облысының Одинцово қаласында 7-10 сәуір аралығында өткен балалар мерекесіне Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Өзбекстан, Болгария, Эстония, Румыния, АҚШ және Дания елдерінен 2100 жас дарын келген.
Халықаралық байқаудың негізгі мақсаты - балалар шығармашылығын дамыту, жас дарындарды қолдау, олардың музыкаға деген талаптарын ынталандыру, вокал саласындағы балалар проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, -дейді қазылар алқасының төрағасы, Ресей халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Евгений Крылатов.
Фестиваль жеңімпаздары халықаралық фестивальдер мен конкурстарға, концерттік шоу-бағдарламаларға және музыкалық жинақтарды жазуға қатысатын болады.