Павлодарлық жас дарындар Польшада өткен халықаралық конкурсқа қатысты


Конкурстың ұйымдастырушылары әлемнің көптеген елдеріндегі балалардан 14 883 жұмыс алған. Солардың ішінен қорытынды көрмеге 570 үздік туынды іріктелген. Қорытынды көрмеге қойылған суреттердің арасында тоғыз жасар суретшілер - Настя Коваленконың, Әсел Әділкешеваның және Ағила Рахымжанованың туындылары бар. Олар өз суреттерінде адамзаттың «төрт аяқты досына», жалпы барлық тіршілік иесіне деген сүйіспеншіліктерін көрсете білген. Балалардың жұмыстарында №1 көркемсурет мектебі оқытушыларының жас суретшілердің қабілеттерін дамыту жөніндегі жоғары жұмыс деңгейін байқауға болады.