Павлодарлық жігіт танысудан бас тартқаны үшін қыздарға тас лақтырып, күш көрсеткен

Бұзақлық іс бойынша қазір қылмыскер іздестірілуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Bugin.kz медиа-порталы. 

Зардап шеккендердің айтуынша жігіт алдымен физикалық қысым көрсеткен, кейін қыздар оның әрекетін телефонға түсіре бастағанда ол агрессия танытып, тас лақтыра бастаған. Қыздар бұрыш спрейімен қорғануға тырысқанымен бұзақы олардың артынан қуа бастаған. Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр.

“Бұл факт тіркелді. Ер адамның кім екені анықталды. Қазіргі уақытта оны қамауға алып, жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде”,- деді Павлодар қаласы Солтүстік полиция департаменті басшысының орынбасары Ренат Шәріпов.