Павлодарлық жүргізуші қымбат көлігімен банкке кірер есікті бітеп тастады


Тура жұмыс басталатын уақытта әлдебіреу кіре беріс есікке джипін тақап қойып, жөніне кетіп қалыпты. Банк қызметкерлері де жүргізушінің бұл әрекетін түсінбей дал болған. Көлік иесінің оғаш қылығын кейін полиция анықтады. Сөйтсе, ол банк жалға алып отырған ғимараттың иесі екен. Бірақ өзі Астанада жүрмін деп, бұл оқиғаға еш қатысы жоқтығын айтыпты. Десе де, аты-жөні жоқ банк алдына көлікті ешкім қаңтарып кетпейтіні анық. Соған қарағанда ғимарат қожайыны мен оны жалға алушылар арасында үлкен келіспеушілік туындаса керек. Қалай болғанда да, енді көлік иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.