Павлодарское ауылындағы мешіт пен медресеге жаңа автокөліктер табыс етілді

Облыс әкімі Ерлан Арынмен бірге ол медресенің оқытушылары мен шәкірттерін жаңа ғимаратқа көшуімен құттықтады. Қала маңындағы Павлодарское ауылындағы мешітті Алматыдан келген кәсіпкер Қанат Омаров өзінің атасы Қасым қажы Ертісбаевтың құрметіне салғызған. Көтеріліске дейін Қ.Ертісбаев «Жәдид» уездік мектебін ашқан, «Ғылым» қазақ мұғалімдерінің жетекшісі болды, 1933 жылы репрессияға ұшырап, абақтыда көз жұмды.

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі көшіп барған мешіт аумағындағы ғимаратта республиканың алты облысы үшін имамдар дайындайды. Онда оқу бөлмелері, кітапхана мен оқытушылар кабинеттері бар. Жеке бір қабатты құрылыстарда 200 орынға шақталған асхана, тұрмыстық кешен мен қазандық бар.


Бүгінде «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде 51 болашақ дін қызметкері білім алып жатыр.