1960 және 1964 жылдары туған екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі.
«Алдын ала болжам бойынша, ер адамдар жол апатынан қаза болған - әзірге белгісіз көлікпен соғылған», - деп ақпараттандырды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қаза болғандар - Павлодар облысының тұрғындары. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама мен тергеу жүргізілуде.