Caravan Logo

Педагогтарға қатысты маңызды мәлімдеме жасалды

Педагогтарға қатысты маңызды мәлімдеме жасалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығы әлеуметтік желілерде Педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) шілде айында өткізу туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертеді.

"ПББ-ны өткізу күнін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі белгілейтінін және қолданыстағы бұйрықта шілдеде ПББ өткізу көзделмегенін ресми түрде хабарлаймыз. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланатын ПББ өткізу күндері туралы ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз", делінген хабарламада.