Педофил қолынан қаза тапқан бес жастағы қыздың денесі туған жеріне жеткізілді

Қызды 22 шілдеде кешкісін жергілікті тұрғын зорлап, одан соң пышақтап өлтірген. Ертесіне оның денесін темір жол бойында жатқан сөмкеден тауып алды,деп жазды centralasian.org

Марқұмның денесін елге қыздың ата-анасы, тәжік үкіметінің өкілдері алып келді.

Хувайдоның әкесі Абдусалом Саидов бір аптадан соң Ресейге қайтып оралып, қызын өлтірген адамға қатаң жаза тағайындалуы үшін кересетінін мәлімдеді. "Мен кісі өлтірушінің көзіне тура қарағым келген, бірақ маған рұқсат бермеді", - деді ол.

Хувайдоның денесін Куляб қаласына алып барды. Жерлеу рәсімі бүгін өтеді. "Кешкі сағат бестер шамасы болатын. қызды 5-10 минуттың ішінде ұрлап әкеткен… Оның денесін таңертең сағат төрттерде тапты", - деді Абдусалом Саидов.

​Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 24 шілдеде бес жастағы Хувайдо Тиллозоданың өліміне қатысты нота жолдады. Душанбе Ресейден қылмыскердің қатаң жазалануын талап етті.


Мәскеу облысының тергеушілері хабарлағандай, қылмыс жасады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғын Александр Семин ұсталды. Оның пәтерінен қыздың аяқ киімінің, саусақтарының іздері табылған.