Бас прокуратураның хабарламасы бойынша, соңғы бес жылда кәмелет жасқа толмағандар мен кішкентай балаларды зорлау қылмысы үшін түрлі жылдарға соттап келді. Мекеме мәліметі бойынша, биыл мұндай қылмыс көрсеткіші шамамен екі есеге азайған - 148-ден 75-ке дейін. Дегенмен прокуратура жағдайды "күрделі" деп сипаттады.
Бас прокуратура мәліметі бойынша, биыл кішкентай балаларды зорлау қылмысы бойынша 26 адам алтыдан 20 жылға дейін сотталды. Ал кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жасалған осындай қылмыс бойынша 46 адам түрмеге отырған. Олардың арасында кәмелет жасқа толмаған айыптылар 10 жылдан аз мерзімге сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Мамыр айында Қазақстан билігі кәмелет жасқа толмағандарға сексуалдық зорлық жасағандардың онлайн-базасын жариялады. "Педофилдер картасы" деп аталып кеткен базада осындай қылмыс үшін сотталғандар туралы мәліметтер жинақталған.