Бектас Бекназаров, Сенат депутаты:
-Жәбірленуші жақпен татуласуына байланысты қысқартылған, яғни, жазықтылардың жазасыз қалуы еселеп артып келеді. Атап айтқанда 2010 жылы 24, 2011 жылы 48, 2012 жылы 92, 2013 жылы 173, 20114 жылы 245, ал биылғы жылдың бес-ақ айының ішінде 109 осындай санаттағы қылмыстық істер қысқартылып, кінәлі адамдар жазадан құтылып кеткен.
Яғни, заңға өзгеріс енгізілсе, жәбір көрген жасөспірімдердің жақындары азғындармен бітімге келіп, татуласа алмайтын болады. Сенаторлар педофилдерді химиялық жолмен піштіруді де дереу заңдастырып алайық деп отыр. Сондай-ақ, азғындарды мерзімнен бұрын босату, шартты түрде соттау, түрмедегілерін рақымшылыққа іліндіру сынды жеңілдетілген жазаны мүлдем алып тастамақ. Өйткені, қазір түрмеден шыққан 150 педофил бостандықта жүр.
Loading...