Педофилдерге арналған секс-қуыршақтың саудасы қызып тұр

Мұндай қуыршақтар 1000 фунт (438 мың теңгеден асады) тұрады. Олардың көпшілігі Қытайдан жеткізіледі екен. Ағылшын шекарашылары былтырғы наурыз айынан бері бала бейнесіндегі 123 секс-қуыршақты тәркілеген, деп хабарлайды L!FE.

Ұлыбританияда салыстырмалы түрде жаңа құбылыс саналатын бұл тауардың саудасының қызып тұрғаны педофилияның қалыпты жағдайға айналып бара жатқанын көрсетеді. Осыдан кейін шын балаларға көп қауіп төнуде. Қазір ағылшын билігі жеткіншек бейнесіндегі секс-қуыршақтарды өндіру мен сатуға тыйым салатын заң жобасын дайындап жатыр.