Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов педофилдерді бақылау шаралары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі заңнамада педофилдерді бақылау шаралары күшейтіліп отыр. Біз оларды үнемі бақылайтын боламыз. Дәрігерлер ондай адамдардың жыныстық өзгерістерін жіті қадағалайды. Мысалы, оны түрмеден босатты дейік. Егер одан қандай да бір қауіп болса, онда xимиялық кастрацияны тағы жасайтын болады», - деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, Бас прокурордың орынбасары 5 мың адамды түрмеден босатуға қатысты түсінік берді. «Бүгінде әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралуда. «Ауыр қылмыс жасаған 5 мың адам бостандыққа шығады. Олар зорлық жасаған, адам өлтірген, қарақшылық жасағандар» дейді. Бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңалықтар шықты. Бұның барлығы шындыққа жанаспайды. Біреулер мәселенің анық-қанығына мән бермеді, енді біреулер сенсация жасаймыз деп, солай берді. Соның салдарынан қоғам ол жаңалықты дұрыс түсінбей қалды», - деп атап көрсетті М.Аxметжанов. Оның айтуынша, 5 мың адамның ішінде қарақшылар, педофилдер, зорлық жасағандар, адам өлтіргендер жоқ.