Пекин мен Астана аймақтағы тұрақтылық үшін жауапкершілік артады - Си Цзиньпин

Қытай төрағасы Си Цзиньпин көрші Қазақстанмен екіжақты қатынастардың жоғары бағалайды.


           «Бүгінгі таңда қытай-қазақ қатынастары жоғары деңгейде, екі елдің жан жақты стратегиялық әріптестігін дамытуда тамаша мүмкіндіктер ашылуда», - деп ол «жиырма ел» мен ШЫҰ саммиті қарсаңында «Интерфакс» агенттігі мен ТМД елдерінің бірқатар БАҚ-мен болған сұхбатында.
           «Қытай – Қазақстанның ірі сауда әріптесі, ал Қазақстан Қытайдың ТМД аймағындағы сауда әріптестері арасында екінші орын алады. Практикалық ынтымақтастық деңгейін әрі қарай арттыру үшін екі ел 2015 жылға қарай өзара сауда көлемін 40 млрд долларға арттыру жөнінде стратегиялық мақсат белгіледі», - дейді Қытай төрағасы.
           «Бұл мақсаттың жүзеге асуы екі жақтан бірлескен күш-жігерді талап етеді. Бізге өзара тиімді жұмысты жалғастырып, мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықтың қолайлы қарқынын сақтау қажет, осы негізде ауыл шаруашылығы, транспорт, жоғары технологиялар, телекоммуникация, химия өнеркәсібі секілді шикізат емес секторларда өзара іс-қимыл әлеуетін толық көрсету қажет», - дейді Си Цзиньпин.
           «Қытай мен Қазақстан дамушы мемлекет және ықпалды ірі державалар ретінде аймақта бейбітшілік, даму, тұрақтылық жолындағы жауапты міндетті мойнына алады», дейді ол.