Пекинде қауіпсіздік жөніндегі кіші комитеттің 4-ші отырысы өтеді

"Пекинде 12 маусымда Қазақстан сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэйдің төрағалығымен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қытай комитетінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 4-ші отырысы өтеді ", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, "қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қытай комитетінің құрылымындағы он салалық кіші комитеттің бірі болып табылады". "Оның басты іс-қызметі - қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде, лаңкестік, экстремизм және сепаратизмге қарсы ықпалдастық, арнаулы қызметтер арасындағы ынтымақтастық, екі елдің әскери және құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты үйлестіруге саяды", - деді ол.