Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы экономика мен сыртқы сауда мәселелері талқыланады

Отырыс барысында ШЫҰ мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының өткен жылғы отырыстарында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланған.

Сонымен қатар, ШЫҰ кәсіби кеңесі мен банкаралық бірлестігінің қызметі туралы және ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің сыртқы экономика мен сыртқы сауда үшін жауапты министрлерінің отырысын дайындау туралы мәселелері де комиссия күн тәртібіне енгізілген.