Пекиндегі Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың дайындығына 3 млрд теңге бөлінген - Назарбаев

"Спортшыларымыз жолдаманы жеңіп алу үшін олардың дайындықтары мен өнер көрсетулеріне республикалық бюджет былтыр және биыл 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді", - деп атап көрсетті Елбасы.

"Қазір еліміз Қазақстанның жоғарғы деңгейдегі спорттық әлеуетін көтере түсу үшін өте көп нәрсе жасап жатқаны сіздерге белгілі", - деді Н. Назарбаев.

Атап айтқанда, келесі жылы Алматыдағы олимпиадаға дайындық және Щучинскідегі шаңғы жолы республикалық базаларының құрылыстарын аяқтау жоспарланып отыр, деді президент.

Жалпы алғанда, Н. Назарбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде балалар мен жасөспірімдердің 487 спорттық мектептері, 30 мың шамасында спорт ғимараттары бар.