Пелеге шұғыл ота жасалды

Пеленің өкілі  Хосе Родригестің журналистерге айтуынша, футбол аңызына айналған Пеле ауруханадан  шығып та үлгерген.

74 жастағы футболшыға сәрсенбіге қараған түні шұғыл операция жасалған. Дегенмен ICPN телеарнасының журналистері,  «атақты шабуылшы дәрігерлердің қарауында» деп мәлім етті.

Сырқатына байланысты Пеле өзінің спорттық жолын бастаған Сантус қаласындағы (Сан-Паулу штаты) музейдің ашылу салтанатына қатыса алмады.