АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Twitter-дегі ресми аккаунтында ел президенті Дональд Трампты отставкаға шақырған жазбамен бөлісті. Ведомство @proudresister деген қолданушының постын жариялап жіберді. Бұл туралы The Independent жазады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
@proudresister постында келесі мәтін жазылды: «Шешім оңай. Рой Мур: алдағы сайлаудан бас тарт. Эл Франкен: конгрестен кет. Дональд Трамп: президенттіктен кет. Республикалық партия: сексуалды проблеманы партиялық дәрежеге көтеруді доғарыңыздар. Бұл – сіздің екіжүзділігіңіз сияқты қылмыс».
Пентагонның ресми парақшасына 5,24 миллион адам жазылған. Аккаунт жазбасын сол сәтте өшірді, бірақ қолданушылар бәрібір оқып үлгерді.
Кейін ведомствоның баспасөз хатшысы Дана Уайт өз Twitter-інде қате кетті деп жазды.
The solution is simple...
Roy Moore: Step down from the race.
Al Franken: Resign from congress.
Donald Trump: Resign from the presidency.
GOP: Stop making sexual assault a partisan issue. It’s a crime as is your hypocrisy.
— PROUD RESISTER