Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасына жазды.
"Байыса қазақ байысын..Ақпараттарға сүйенсек ең ауқатты деген кісілер салық төлеуден қашады екен. Бірақ әнші, жыршының тойдан тапқан ақшасын санап, біздің кітаптан тапқан табысымызды аңдығандарға күлкім келеді кейде. Жоғарыда жылқы жеп жатқандарға шамасы келмей бала шағаны қуып жүретін далақбайлар елестейді. Бес балалы анаға 320 кв пәтер берген кім бар?! Аллахтың қалауымен, халқымның қолдауымен үлкен істі атқарды", - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Тұрсынбаеваның ұйымдастырған байқауы өз мәресіне жетіп, ақынның зәулім сарайын көпбалалы ана жеңіп алған болатын.