Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен хабарланды.
Ведомство мәліметінше, қазақстандық студенттердің ешқайсы елшілікке жүгінбеген.
«Біздің ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - делінді ведомствоның баспасөз қызметінен.
20 қыркүйекте Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, атыс салдарынан кемінде алты адам қаза тапқан және 20-дан астам адам зардап шеккен.
Университетте болған атысты Тимур Бекмансуров есімді Перм қаласының тұрғыны өз мойнына алған.