Перуде қуатты жер сілкінісі болып, қаза тапқандардың саны 330 адамға жетті

Агенттіктің хабарлауынша, Перудегі екі қуатты жер сілкінісінің құрбандарының саны 330 адамға жетіп отыр, ал зардап шеккендердің саны туралы ақпарат осы уақытқа дейін белгісіз. Ертеректе француздың бұқаралық ақпарат құралдары елдің денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, жер сілкінісі кезінде мыңнан астам адамның зардап шеккендігін хабарлаған болатын.

АҚШ геолгиялық қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Перуде сәрсенбіде кешке арасына бірнеше минуттар салып екі жер сілкінісі болған. Бірінші дүмпу - Рихтер шкаласымен қуаты 7,7 балды құраған, бірнеше минуттар өтісімен 7,5 балл дүмпу қайталанған. Жер сілкінісінің кіндігі астанасынан 161 шақырымда, 18 шақырым тереңдікте болған. Куәгерлердің айтуынша, Лимада ғимараттар шайқалып, Перудің кейбір аудандарында электр қуаты өшіп те қалған.

Жер сілкінісінен ел астанасы Лиманың оңтүстігінің 300 шақырымында орналасқан Чинча (Chincha) және Ика (Ica) қалалары ең ауыр зардап шегіп отыр. Ика қаласында шіркеу мен бірнеше ғимараттар қираған. Сонымен қатар, Перудің өрт сөндіру қызметі өкілдерінің мәліметтері бойынша, көптеген адамдардың өлі денесі Писко (Pisco) қаласындағы қирандылардың астынан шығарылған.

Француздың бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, аудандағы байланыс желілері үзілген, бұл билік өкілдерінің жер сілкінісінен келген шығын мен құрбандардың нақты санын білуге мүмкіндік бермей керек.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті