Перуде студенттер тәртіп сақшыларымен қақтығысты


Бұл жерде де халық жергілікті биліктің жоспарына наразы. Жастар Уанкавелика қаласында тағы бір жоғарғы оқу орнының ашылуына қарсы.  «Себебі, провинцияда жаңа мемлекеттік университет ашылса, ескісін қаржыландыру қысқарады» - дейді олар. Осыған ашынған студенттер жергілікті әкімшілік маңына жиналып, жақын маңдағы бірқатар ғимараттарға от қойған. Бейберекетсіздікті тоқтату үшін полицияның барлық құрамы жұмылдырылғанымен,қақтығыстар екінші күн қатарынан жалғасуда.