Перуде үңгірге құлап кеткен испандықты бір аптадан бері шығара алмай жатыр


Зардап шегуші Сесилио Лопес елдің астанасынан солтүстік-шығысқа қарай 605 шақырым жерде Леймебамба қалашығы маңындағы Инти Мачай үңгіріне құлап кеткен, деп хабарлады Associated Press.

Іздеу шарасының үйлестірушісі Джеймс Апастегуи хабарлағандай, Лопеске жеткен медицина қызметкерлері оның екі бел омыртқасына зақым келгенін, соған байланысты қозғала алмайтынын анықтады. Құтқарушылар ер адамды тамақ, су және дәрімен қамтамасыз етуде. Олардың айтуына қарағанда, үңгірдің шалғайда, тар әрі аса терең болуы ота жасауды қиындатып тұр. Бұл шараға Перу және шетелдік құтқарушылар, сонымен бірге испандық еріктілер қатысуда.