Первомайск тұрғындары үшін су тарифтері екі есе қымбаттайды


Оның хабарлауынша, тарифті көтерудің негізгі себебі - осы саладағы кәсіпорындарды жаңартуға кететін шығынның көп болуы. Ол үшін арнайы инвестициялық бағдарлама да әзірленген. Оның жалпы құны - 195 млн. теңге.

Осылайша, Риддер қаласының тұрғындары үшін судың бағасы 1 мың литрға 20,33 теңге (бұрынғы бағасы - 15,64 теңге) болса, арнайы есептеу құралдары жоқ азаматтар судың мың литрі үшін 25,03 теңге (бұрынғы бағасы - 15,64 теңге) төлейді. Сол сияқты Первомайск кентінің тұрғындары бір мың литр суға 163,27 (бұрынғы бағасы - 81,63 теңге) төлесе, арнайы есептеу құралдары жоқ азаматтар 198,78 теңгеге (бұрынғы бағасы - 89,47 теңге) дейін шығындалатын болады.