Петербургте Мариинский театрының жұлдызы болған Алла Сизова қайтыс болды

Театрдың баспасөз қызметі мәлімдегендей, А.Сизова жексенбі, 23 қарашада өмірден озған.

А.Сизова 1939 жылы Мәскеуде дүниеге келген. 1958 жылы Ваганова атындағы Ленинград академиялық хореографиялық училищені бітірген.Ол театрда көптеген рөлдерді сомдады.
1988 жылдан бастап Ваганова атындағы Лениград хореографиялық училищеде сабақ берді. Екі жылдан кейін АҚШ-қа қоныс аударды, бірақ кейіннен Петербургке оралды.