Петр Порошенконың орталық сайлау штабының заңгерлік жетекшісі мәлімдеме жасады

деп хабарлады дүйсенбіде ертеңгілік баспасөз мәслихатында президенттік сайлауда алға шыққан Петр Порошенконың орталық сайлау штабының заңгерлік департаментінің жетекшісі Роман Зварич.

"Мен әзірге бұл туралы Петр Порошенкомен сөйлескен жоқпын, бірақ қолданыстағы заңға орай, инаугурация 9 не10 маусым күні өтуі ықтимал", деді Р.Зварич.

Р.Зварич еске салып өткендей, ОСК он күн ішінде дауыс беру нәтижелерін қорытуға тиіс. Бірақ біз бұл шара одан да жылдам аяқталатын болар деген үміттеміз, деді ол.

Жаңа президенттің инаугурациясы сайлау нәтижелері бекітілген соң бес күн ішінде өтуге тиіс.


ОСК мәліметтеріне қарағанда, П.Порошенко 30,1% электронды түрдегі хаттамалардың өңделуі нәтижесінде сайлаушылардың 54,09% дауысын жинаған. Экзит-полл П.Порошенко нәтижесі 55,7% деп көрсетті.