Басылымның ақпаратына сәйкес, Goldman Sachs инвестициялық банкі компанияны сатып алу туралы өтініштерді осы аптада қабылдай бастамақ.
Аукционда үндістандық және қытайлық компанияларға басымдық берілуі мүмкін. Дегенмен Financial Times саудаға батыстың басқа да энергетикалық компаниясының атсалысу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
24-маусымда Нью-Йорк биржасында PetroKazakhstan компаниясының акциялары 30 процентке арзандап, 32,51 долларды құрады. Ал наурыз айында акциялардың құны 47 доллар болған.
Financial Times хабарламасында атап көрсетілгеніндей, PetroKazakhstan компаниясының капиталы 2,5 млрд. долларды құрайды.
Басылымның түсініктемесіне жүгінсек, PetroKazakhstan компаниясын сату туралы шешім компанияның кейінгі кездері "Торғай-петролеум" Бірлескен кәсіпорнына қатысты дауға байланысты "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ынан бірнеше шағым түсуіне байланыст болмақ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың маусым айында "ЛУКОЙЛ" PetroKazakhstan компаниясының үстінен 200 млн. доллардың тағы бір шағымын түсірген.
Сонымен бірге Financial Times компанияның экологиялық заңнаманы бұзуға байланысты Қазсқтан үкіметімен де тіл табыса алмағанын алға тартады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, компанияның барлық кеніштерінде ілеспе газды жағуға тыйым салынуға байланысты "PetroKazakhstan Inc" 2005-жылы мұнай өндіру көлемін тәулігіне 50 мың баррельге азайтады. Орташа тәуліктік мұнай өндіру көлемі тәулігіне 100 мың баррельді құрамақ.
PetroKazakhstan компаниясының орташа тәуліктік мұнай өндіру деңгейі 2005-жылдың 1-тоқсанында 149 732 баррельді, ал 2004-жыл қорытындысы бойынша тәулігіне 151 102 баррель мұнай өндірілді.
Компанияның бағалауынша, ілеспе газды жағуға тыйым салуға байланысты "PetroKazakhstan Kumkol Resources" АҚ-ның барлық кеніштерінде мұнай өндіру көлемі тәулігіне шамамен 35 мың баррельге, ал "ТорғайПетролеум" кеніші- Құмкөл-Северныйда тәулігіне 30 мың баррельге азаяды.
Қазір PetroKazakhstan Арысқұм, Қызылқия, Ақшабұлақ, Құмкөл, Құмкөл - Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Құмкөл Солтүстік, Майбұлақ, Нұралы, Солтүстік Нұралы және Ақсай кеніштерінде мұнай өндіруде.
Қазіргі таңда компания 94 дербес құрылымды қамтитын барлау активтеріне және тәуекелдерді ескермегенде 1,1 млрд. баррельден астам қорға ие.
2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен PetroKazakhstan компаниясының болжамдық және дәлелденген қоры мұнай эквивалентіне шаққанда 549,8 млн. баррельді құрады.