"Біз PetroKazakhstan Oil Prodakts басшылығымен келісімге келдік. Дәл бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытының таратқыш блогына АИ-80 маркалы 500 тонна, АИ-92 маркалы 500 тонна жанармай мен 1000 тонна дизельдік отын айдалды",- деді ол.
И.Әбішевтің айтуынша, "Торғау Петролеум" АҚ-ынан жанар-жағармай алушы ретінде нақты 8 оператор айқындалса, "PetroKazakhstan Oil Prodakts" (PKOP)АҚ-ынан жанармай таратушы барлық бекеттердің жанармай алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін блокқа келіп ақшасын төлесең жетіп жатыр.
Бөлшек саудагерлер АИ-80 жанармайын 59, АИ-92 жанармайын 69 теңгеге сата алады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиевпен кездесуде жанармай тараттушы бекеттер қауымдастығының мүшелері бағаны 5 проценттен артық қымбаттатпауға уәде берді.